Қазақстан Энергетика министрлігі Теңіз кен орнындағы жағдайға түсініктеме беріп, ол жерде техникалық ақау болғанын және соның салдарынан мұнай өндіру уақытша қысқарғанын растады.
Ведомство ақпаратына сәйкес, кен орнының операторы қажетті жедел шаралар қабылдап жатыр, ал өндіріс процесі қалпына келу сатысында.
«Персонал, халық пен қоршаған орта үшін қауіп тіркелген жоқ. Ағымдағы жағдай Энергетика министрлігінің тұрақты бақылауында», — деп мәлімдеді ведомствоның ресми өкілі, министр кеңесшісі Әсел Серікпаева.
«Теңізшевройл» компаниясында болған оқиғаны елеусіз инцидент деп атап, қосымша мәліметтерді ашпады.