Жартыжылдық қорытындысы бойынша Бас прокуратура жұмыс нәтижелерін шығарды. Ауыр және аса ауыр қылмыстарды қоса алғанда, қылмыстық құқық бұзушылықтардың деңгейі 10%-ға төмендеді. Алаяқтық саны 13%-ға қысқарды.
2025 жылдан бастап құқық қорғау органдарымен және қаржы институттарымен бірлесіп 530 мың дропперлік шот бұғатталды. 2,6 млрд теңге көлемінде есірткі кірістері тәркіленді. Есірткінің заңсыз айналымына байланысты 10 мың сайттың қызметі тоқтатылды.
Берік Асылов қылмыстың, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың, балаларға қарсы жыныстық қылмыстардың, алаяқтықтың және есірткі саудасының алдын алуды күшейту қажеттігін атап өтті.
Азаматтардың құқықтарын қорғау
Прокурорлар 2,1 млрд теңге жалақы қарызын өтеуге қол жеткізді. 168 мың қызметкердің құқықтары қалпына келтірілді. Мыңнан астам мүгедектігі бар адамның оңалту құралдарын алу және әлеуметтік инфрақұрылымға қол жеткізу құқықтары қорғалды.
Кәмелетке толмағандардың білім алу, тұрғын үй және медициналық қамтамасыз ету құқықтарын сақтау мәселелері бақылауда қалып отыр. Прокурорлардың актілері бойынша 10 мыңнан астам жасөспірім жоспарлы госпитализация және тегін тамақтану алды. Екі мыңнан астам жетім бала тұрғын үймен қамтамасыз етілді және кезекке қалпына келтірілді. Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың 2,9 мың қызметкері жауапқа тартылды.