Прокурорлар жобаны тексеріп, парктің жалпы ауданы 25 мың шаршы метр екенін анықтады. Оған жасыл желектер, газондар, ағаштар және ашық топырақ учаскелері кіреді.
Өлшеулер тротуар плиткасына нақты қажеттілік 9 мың шаршы метрден аспайтынын көрсетті. Жобада қарастырылған жұмыстар мен материалдардың көлемі бұл көрсеткіштен едәуір асып түсті.
Прокуратураның араласуынан кейін сатып алу тоқтатылды, ал кінәлі лауазымды тұлғалар жауапкершілікке тартылды.