Мемлекет басшысы мәлімдемені Алматы облысына жұмыс сапары кезінде жасады. Сапар бағдарламасы Алатаудың даму презентациясынан басталды.
Тоқаев Alatau City — үлкен үміт күткен мұқият пысықталған жоба екенін атап өтті. Оның сөзінше, іске асыру үшін ең алдымен заңды, жер және инфрақұрылымдық мәселелерді шешу қажет.
Алатау соңғы жылдардағы Қазақстанның ірі жобаларының қатарында. Екі жылдан астам уақыт ішінде ол ерекше мәртебеге, арнайы экономикалық аймаққа ие болып, ірі инвестициялар тарта алды.