Жаңалықтар

Астанада төрт килограммнан астам синтетикалық есірткі тәркіленді

Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері «Қарасора — 2026» операциясы барысында Астанада Telegram арқылы есірткі сататын интернет-дүкеннің болжамды қоймасының жұмысын тоқтатты.

10 шілде 2026 · 04:41·Оқу: 2 мин

Астанада төрт килограммнан астам синтетикалық есірткі тәркіленді
Фото: TR Kazakhstan редакциясы
TR Kazakhstan редакциясыТілші·10 шілде 2026

Полиция қызметкерлері астананың 40 жастағы тұрғынын ұстады. Тергеу нұсқасы бойынша, ол тыйым салынған заттардың ірі партияларын сақтаған және тарату схемасында «қойма» рөлін атқарған.

Тінту және жасырын орындарды тексеру кезінде орау материалдары, zip-lock пакеттер, сондай-ақ төрт килограммнан астам α-PVP және мефедрон — 12 мыңнан астам бір реттік доза тәркіленді.

Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына орналастырылды.

ІІМ есірткіні жеткізу және сату арналарын анықтауды жалғастыруда. Есірткі қылмысына қарсы күрес комитеті төрағасының орынбасары Ельдар Абдикенов жұмыстың жалғасатынын растады.

Пікірлер