Вокзал заманауи келбетке ие болды. Жұмыстар барысында шатыр жөнделді, фасад пен ішкі үй-жайлар жаңартылды, инженерлік жүйелер: сумен қамтамасыз ету, кәріз, жылыту, электр және әлсіз ток желілері жаңғыртылды.
Көрші аумақ абаттандырылды және жолаушылар перроны жаңартылды. Ғимаратта заманауи желдету және өрт қауіпсіздігі жүйелері орнатылды.
Қозғалысы шектеулі жолаушылар үшін пандус, тактильді навигация және жеке күту бөлмесі жабдықталды. Барлық жолаушылар үшін ыңғайлы күту аймақтары жасалды.
Вокзал үшінші типке жатады. Станция арқылы Қарасорды Астана, Павлодар, Көкшетау, Шымкент және Түркістанмен байланыстыратын төрт жолаушылар поезы өтеді.
Реконструкция елдің теміржол инфрақұрылымын жаңғырту аясында жүргізілді.