Бұрын камералар бұзушылықтарды тіркейтін, бірақ шетелдік нөмірлі көлік иелерін тауып, хабардар ету мүмкін болмайтын. Бұзушылар елден шығып кетіп, айыппұл төлемейтін.
Енді процесс басқаша. Камера бұзушылықты тіркейді, деректер базасы иесін тез анықтап, нұсқама жасайды. Қазақстан шекарасын кесіп өтуге келесі әрекет кезінде жүргізушіге тікелей өткізу пунктіңде айыппұл туралы хабарлама тапсырылады.
Егер жүргізуші орында төлеуден бас тартса, мәжбүрлеп өндіру рәсімі басталады.
Алғашқы нәтижелер
400-ден астам шетелдік көлік иелері жылдамдықты асырғаны үшін жауапқа тартылды. Жазылған айыппұлдардың жалпы сомасы 28 млн теңгені құрады. 33 бұзушыдан 1 млн теңгеден астам қаражат бюджетке өндірілді.
Мекеме бұзушыларды тезірек анықтау үшін мемлекеттік ақпараттық жүйелерді толық интеграциялау жұмыстарын жалғастыруда.