Есік шатқалы Іле Алатауының орталық бөлігінде, Есік қаласынан 5 км жерде орналасқан. Дәл осы Есік шатқалынан Қазақстан Республикасының мемлекеттік символына айналған әйгілі "Алтын
адам" табылған. Қаланың өзі Есік тау өзенінің көрінісіне үйлесімді сіңіп кеткен, себебі ол өзеннің екі жағасында орналасқан. Қала үш жағынан тау жоталарымен қоршалған, оларда көптеген мұздықтар бар. 1963
жылы сел жүруі салдарынан көп адам қаза тапты және өлкенің жабайы табиғатына айтарлықтай зиян келтірілді, тек өзеннің оң жағалауы ғана зардап шекпеді. 2003 жылы, дәл 40 жылдан кейін, Есік шатқалымен қайтадан сел жүрді, жергілікті тұрғындардың айтуынша, су үлкен ағынмен келіп, тауларды шайып, ағынмен бірге үлкен тастар мен ағаштарды алып келген, бірақ бақытқа орай сел тез басылғандықтан 1963 жылғыдай зиян келтірмеді. Есік шатқалындағы өсімдіктер төменгі биіктікте мәдени жеміс ағаштарымен, ал теңіз деңгейінен 1750 метр биіктікте жапырақты ормандармен берілген. Мұндағы таулар өте тік, әсіресе көлден жоғары, жол аяқталып, соқпақтар басталатын жерде. Есік көлі теңіз деңгейінен 1756 метр биіктікте орналасқан. Бұл көл бірнеше мың жыл бұрын тау опырылуы нәтижесінде пайда болған деп болжанады. Көлдің тарихын сел ағынына дейінгі және одан кейінгі деп бөлу қабылданған. Сонымен, 1963 жылға дейін көл Іле Алатауының нағыз інжу-маржаны болды, мұнда мыңдаған алматылықтар мен астана қонақтары демалғанды ұнататын, көлге дейін асфальтталған жол салынған еді, сондықтан оған жету қиын емес болатын, автобустар жүретін, бірақ бірнеше сағат ішінде бәрі шайылып кетті. Көлді қалпына келтіру жұмыстары әлі күнге дейін жүргізіліп жатыр десе де болады, дегенмен бөгет 90-жылдары қалпына келтірілген. Қазіргі уақытта Есік көлі төрттен үш бөлігіне толды және бұрынғыдай туристерді тартып келеді, толығырақ https://tr-kazakhstan.kz/ . Айтпақшы, шатқалда түйеқұс фермасы бар, онда түйеқұс еті мен жұмыртқасынан жасалған тағамдардың дәмін татуға болады. Іле Алатауының айбынды тауларының аясында Есік көлі келушілерді қайталанбас ландшафттың сұлулығымен, таза тау ауасымен және құбылмалы су түсімен қуантады.