Балқаш көлі — табиғаттың нағыз кереметі! Бұл феноменалды көл, өйткені оның батыс және шығыс жақтары тар бұғазбен жалғасқанына қарамастан, минералдануы бойынша әртүрлі. Іле өзені қоректендіретін батыс жағы — тұщы
су айдыны, ал шығыс бөлігі толығымен тұзды. Балқаш көлінің фаунасы да көлдің өзі сияқты таңғажайып. Су айдындарында ақ амур, қаязы, бахтах, маринка, жайын және тыран сияқты түрлі балықтардың орасан көп түрі мекендейді. Тек осы жерде ғана арал қаязы мен бекіре кездеседі. Жылына шамамен 10 тонна балық ауланады. Климаты шөлейт болып саналады, жаздағы орташа температура +30 градус, ал қыста -10. Балқаш аумағы демалыстың сан алуан түрін ұсынады: демалыс үйінде тамаша уақыт өткізуге, көлдің көкшіл-сұр суында шомылуға, балық аулауға болады, өйткені көлде балық өте көп. Балқаш көлі — табиғаты өте әсем, өсімдік және жануарлар дүниесі бай орын. Балқаштың жағасында орналасқан демалыс аймақтары (Досжан, Көк лагуна, River Lepsy, Афганец) демалысыңызды ұмытылмас етеді. Көлге шетелден туристер өте көп келеді, олар табиғаттың осы кереметін өз көзімен көргісі келеді.
Қоғам
Табиғат кереметі!
Балқаш көлі — нағыз табиғат кереметі! Бұл феноменді көл, өйткені оның батыс және шығыс жақтары тар бұғазбен жалғасса да, минералдану деңгейі әртүрлі…
28 тамыз 2014 · 13:17·Оқу: 3 мин
TR Kazakhstan редакциясыТілші·28 тамыз 2014