«АҚ-БҰЛАҚ» балалар қала сыртындағы лагері «Ақ Бұлақ» тау шаңғысы курортының аумағында салынған, ол Іле Алатауының бір бұрышында, «Талғар» серіктес қаласынан 10 шақырым жоғары орналасқан.
2014 жылғы жазғы маусымға арналған ауысымдар
1 ауысым – 06 маусымнан 15 маусымға дейін
2 ауысым – 18 маусымнан 27 маусымға дейін
3 ауысым – 30 маусымнан 09 шілдеге дейін -
4 ауысым – 12 шілдеден 21 шілдеге дейін орын жоқ
5 ауысым – 24 шілдеден 02 тамызға дейін
6 ауысым – 05 тамыздан 14 тамызға дейін
7 ауысым - 17 тамыздан 26 тамызға дейін акция бойынша - құны 98 000 теңге
Лагерь бір ауысымға 7-ден 14 жасқа дейінгі 50-ден 70-ке дейін бала қабылдайды. Олар кең, жарық, жайлы, әр қабатта ыңғайлы жағдайлары бар 4 орындық бөлмелері бар күрделі корпуста тұрады.
Отрядтар үш жас санаты бойынша құрылады: 7-ден 9 жасқа дейін, 10-нан 12 жасқа дейін және 13-тен 14 жасқа дейін. Әр 10-12 балаға бір тәрбиеші.
Тәрбиешілер - Алматы қаласының жоғары оқу орындарының студенттері. Балалармен жұмыс істеу тәжірибесі бар, "тәрбиешілер мектебінен" дайындықтан өткен жас, жігерлі, шығармашыл адамдар.
Бір ауысымның ұзақтығы:
Жеке және корпоративтік клиенттер үшін (1,2,3,4,5,6,7 ауысымдар) - 10 күн, жолдаманың құны 130 000 тг.
Ата-аналарға арналған арнайы ұсыныс: лагерьге жолдаманы және «Ақ-Бұлақ» қонақ үйінің бөлмесін бір мезгілде сатып алған жағдайда, қонақ үйде тұруға 20% мөлшерінде жеңілдік беріледі. Жеңілдіктер жүйесі қолданылады.
Лагерь белсенді демалысқа арналған ойын-спорт құрылыстарымен жабдықталған:
- футбол алаңы
- волейбол алаңы
- баскетбол алаңы
- теннис корты
- мұз айдыны
- жабық бассейн
- атқа міну спорт кешені
- гондолалы және орындықты аспалы жолдар
- боулинг
- үстел теннисі
- бильярд