2020 жылдан бастап Қазақстанда 1,2 мыңнан астам мектеп салынды. Бұл оқушыларға миллионнан астам жаңа орын берді және үш ауысымда жұмыс істейтін мектептер санын төрт есе қысқартуға мүмкіндік берді.
Бұл ретте қолданыстағы ғимараттар жаңартылуда. Үш жыл ішінде 1,3 мың мектепті жөндеу жоспарлануда, оның 820-сі ауылдық жерлерде. 215 мекемеде жұмыстар аяқталды: кабинеттер, асханалар, спорт залдары, коммуникациялар және қауіпсіздік жүйелері жаңартылды.
Мектепке дейінгі білім беру
Елде 12 мыңнан астам балабақша жұмыс істейді — 5,3 мыңы мемлекеттік және 6,6 мыңы жеке. Қызметтерін миллионнан астам бала пайдаланады. Екі жастан алты жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту 70,9 % құрайды. Кезекте тұрған балалардың 96 %-ы орындармен қамтамасыз етілген.
20 қалада және 23 ауданда ваучерлік қаржыландыру пилоттық жобасы іске қосылды. Оған шамамен 6 мың ұйым қатысады, 936 мыңнан астам ваучер берілді. Балабақшаларға кезек тоғыз есеге жуық қысқарды — 160 мыңнан 18 мың балаға дейін.
Соңғы үш жылда 223 мың жаңа мектепке дейінгі орын құрылды. 2027 жылдың соңына дейін тағы 76,5 мың орын ашу жоспарлануда.