Қазгидромет синоптиктері 30 және 31 мамырға, сондай-ақ 1 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынды.
Метеорологтардың деректері бойынша, алдағы үш күнде елдің солтүстігінде, оңтүстігінде және батысында атмосфералық майдандардың өтуіне байланысты ауа райы тұрақсыз болады — найзағайлы жаңбыр күтіледі.
«30 және 31 мамырда Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе және Қостанай облыстарында қатты жаңбыр жауады, бұршақ пен қатты жел болуы мүмкін. Қалған аумақта негізінен жауын-шашын күтілмейді», — деп хабарлады Қазгидромет.
Бүкіл республика бойынша желдің күшеюі, ал оңтүстікте — шаңды дауыл болжанып отыр. Бұл ретте жаздың басы кей жерде 40 градусқа жететін ыстық әкеледі.