Қоғам

«Оқжетпес» санаторийі

Орналасуы: «Оқжетпес» санаторийі Бурабай курорттық аймағының дәл жүрегінде, Әулиекөл (Бурабай) көлінің батыс жағалауында, тау бөктерінде орналасқан…

3 қаңтар 2015 · 20:55·Оқу: 3 мин

«Оқжетпес» санаторийі
Фото: TR Kazakhstan редакциясы
TR Kazakhstan редакциясыТілші·3 қаңтар 2015

Орналасуы:«Оқжетпес» санаторийі Бурабай курорттық аймағының дәл жүрегінде, Әулиекөл (Бурабай) көлінің батыс жағалауында, 15723138Көкшетау тауының бөктерінде орналасқан. Курорттың басты көрікті жері — Оқжетпес жартасы мен Жұмбақтас санаторийден небәрі 300 метр қашықтықта.

Санаторийдің құрылған жылы: 1964. «Оқжетпес» санаторийі Бурабайдағы №1 санаторий деп әділ саналады. Қызмет көрсетудің жоғары деңгейі, сондай-ақ санаторийдің күшті емдеу базасы мен жоғары білікті қызметкерлері қонақтарымыздың тиімді сауығуы мен демалуына ықпал етеді.

Санаторийде ISO 9001:2000 халықаралық стандарттарына сай сапа менеджменті жүйесі енгізілген.

Санаторийде мынадай аурулар емделіп, олардың алдын алу жұмыстары жүргізіледі:жүрек-қантамыр жүйесінің, тыныс алу мүшелерінің, тірек-қимыл аппаратының, ас қорыту жүйесінің, қан айналымының, эндокриндік және жүйке жүйесінің аурулары, урологиялық және гинекологиялық аурулар. Осы ауруларды емдеу жөніндегі негізгі рәсімдер жолдама құнына кіреді. Рәсімдер тізімімен «Жолдама құнына кіретін емдеу» қосымшасында толығырақ таныса аласыз.

Орналастыру:«Оқжетпес» санаторийі негізгі 7 қабатты ғимараттан тұрады. Қонақтар стандарт және люкс класындағы жайлы нөмірлерге орналастырылады. Барлық нөмірде ванна, дәретхана, фен, теледидар, минералды суы бар минибар, сейф, кондиционер, телефон бар. 1 класты люкс нөмірлерде халат пен тәпішке беріледі. Нөмірлердің фотосуреттерін көріп, олардың жабдықталуы туралы толығырақ білгіңіз келсе, өзіңізді қызықтыратын нөмір түрін таңдап, арнайы «Нөмірлер» бөлімінен таныса аласыз.

Тамақтану:«Оқжетпес» санаторийінде жолдама құнына кіретін 4 мезгіл тамақтану және қымыз ұсынылады.

Санаторийдің инфрақұрылымы:

Санаторийде жабық бассейн, жаттығу залы, дискозал бар.

Үтіктеу бөлмесі мен кір жуу орны

Жеке көлігімен келетіндер үшін автотұрақ бар.

Санаторий аумағында саяжайлар орналасқан.

Сондай-ақ медпункт, дәріхана және дүкен бар.

Бурабайдың жүрегінде конференциялар, іскерлік кездесулер өткізуге арналған конференц-зал мен баспасөз орталығы бар.

SPA-орталық

Бос уақыт пен ойын-сауық:

Санаторийдің жанында қолшатырлар мен шезлонгтармен жабдықталған жеке жағажай бар.

Белсенді демалысты ұнататындар бос уақытын спортзалда немесе таза ауада өткізе алады: жазда катамарандар, қайықтар, қыста — шаңғы, шана бар. Сондай-ақ бильярд немесе үстел теннисін ойнауға болады. Тынышырақ уақыт өткізу үшін — кинозал немесе кітапхана. Сондай-ақ санаторий жанындағы мейрамхананың холлында сымсызинтернет WiFi бар. Бос уақыт өткізіп, қосымша демалу үшін санаторийде сауна бар.

Балаларға арналған балалар алаңы мен балалар бөлмесі

Қосымша қызметтер:

«Оқжетпес» санаторийі демалушыларға тұрмыстық қызметтердің кең спектрін ұсынады: теміржол және әуе билеттерін брондау, шетел азаматтарына құжаттар рәсімдеу және т.б. z Қазақстандағы демалыс туралы толығырақ http://tr-kazakhstan.kz

Пікірлер