188,3 км қашықтықтағы кезең Схерпенхевел-Зикхем маңында өтті. Жеңімпаз NSN Cycling Team командасынан эритреялық велошабандоз Биньям Гирмай болды, екінші орында Soudal Quick-Step командасынан бельгиялық Тим Мерлир мәреге жетті.
Кантер команда соңғы айналымдарда үзілістерді жақсы бақылап, оны спринт алдында ыңғайлы позицияға шығарғанын атап өтті. Оның сөзінше, тактика жұмыс істеді, дегенмен екі қарсылас тезірек болып шықты.
Команда құрамы
17-21 маусым аралығында өтетін «Бельгия турында» «Астана» атынан Аарон Гейт, Алессандро Ромеле, Глеб Сырица, Майк Тениссен, Давиде Тонеатти және XDS Astana Development Team командасынан Густав Ванг қатысады.