Ең улы гүл
Жер бетіндегі ең улы гүл, бір қызығы, Қазақстанда, Қырғызстанда, Кашмирде және Қытайда өседі. Бұл гүлді Жоңғар укекіре деп атайды, ол негізіненсолтүстік беткейлерде өседі, құнарлы әрі ылғалды топырақты ұнатады. Алғашқы қарағанда ол едәуір зиянсыз әрі сүйкімді көрінеді, бірақ ол адамды және едәуір ірі жануарды өлтіруге қабілетті. Бұл гүл өзінің улы қасиеттерімен
ертеден белгілі болған, оны
у жасау үшін пайдаланған, кейіннен оны жебелер мен найзалардың ұштарына жағатын. Ал римдіктер мен гректер Жоңғар укекіресін у дайындау үшін қолданған. У қанға түскенде жәбірленуші жүрек бұлшықеті мен тыныс алудың сал болуынан қайтыс болады. Бүгінгі күні удың дәруасы жоқ. Гүлдің өзінде жеткілікті мөлшерде улы заттар бар, бірақ ең қауіпті шоғырлануда олар тамырсабақта күзгі мезгілде болады. Онымен өте сақ болу керек, өйткені оны жұлып алуға тырыссаңыз, у тіпті тері арқылы да түсуі мүмкін. Укекіре — өте улы өсімдік, оны «Улардың ана-патшайымы» деп атайды. Укекіренің түйнектерімен уланған шошқалардың бауырын жеген адамдардың улану жағдайы белгілі.
Қазіргі уақытта Жоңғар укекіресі медицинада кеңінен қолданылады — онкологияға қарсы құрал ретінде немесе
радикулит кезінде құрамында Жоңғар укекіресі бар тұнба түрінде. Тауға барғанда сақ болыңыз, өйткені дәл сол жерде бұл гүлді кездестіруіңіз мүмкін.