Туризм

Көктем аңғары

Көктем аңғары. Астанадан оңтүстік-батысқа қарай 250 шақырым жерде, Талдысай ауылына жақын, көктем айналадағы жерлерге қарағанда бір ай ерте келетін таңғажайып орын бар…

2 қараша 2014 · 21:36·Оқу: 3 мин

Көктем аңғары
Фото: TR Kazakhstan редакциясы
TR Kazakhstan редакциясыТілші·2 қараша 2014
Көктем алқабы

Астанадан оңтүстік-батысқа қарай 250 км жерде, Талдысай ауылының маңында ғажайып орын бар, онда көктем айналадағы аудандарға қарағанда бір ай ерте келеді. Бұл құбылысты ешкім түсіндіре алмайды. Бірақ қармен жабылған жолмен келе жатқанда, кенеттен алдыңда шөбі мейлінше көктеп тұрған алқап пайда болғаны соншалықты таңғаларлық. Алқаптың үстінде пішіні ерекше бұлттар жиналады және өзіңді бір басқа планетада жүргендей сезінесің. Көктем алқабы туристерді, құпия мен жұмбақ әуесқойларын қызықтырады. Бірақ жергілікті тұрғындар бұл жерде түнеуге кеңес бермейді, өйткені олардың айтуынша, түнде бұл алқапта бірдеңе оғаш әрі үрейлі нәрсе болады екен, мұндай құбылыстар адам психикасына өте жаман әсер етеді дейді.

Пікірлер