Туризм

EXPO-2017

«Экспо» деген не? «Экспо» — ең ірі халықаралық көрме, онда ғылыми-техникалық жаңа жетістіктер, даму болашағы көрсетіледі, сондай-ақ…

8 қараша 2014 · 21:05·Оқу: 3 мин

EXPO-2017
Фото: TR Kazakhstan редакциясы
TR Kazakhstan редакциясыТілші·8 қараша 2014

«Экспо» дегеніміз не? «Экспо» — ең ірі халықаралық көрме, онда ғылыми-техникалық жаңа жетістіктер, даму болашағы, сондай-ақ бүкіл әлем елдерінің тарихы, дәстүрлері мен мәдениеті көрсетіледі. Дүниежүзілік көрмелер бес жылда бір рет өткізіледі. «Экспо» АҚШ, Испания, Италия, Франция, Жапония, Корея, Қытай секілді елдерде және басқаларында өткізілді. 2011 жылы Қазақстан image«Болашақ энергиясы» тақырыбы бойынша EXPO 2017 өткізу құқығы үшін күреске түсті. Халықаралық көрме бюросы «Экспо 2017» халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізетін астана Астана болады деген шешім қабылдады. Бұған дейін мұндай ауқымдағы халықаралық көрмелер Орталық Азия өңірі мен ТМД елдерінде ешқашан өтпегенін атап өткен жөн. Бұл оқиға — Қазақстанның халықаралық көрме әрі ақпараттық-таныстыру алаңы ретінде қалыптасуына үлкен қадам. 2017 жылдың 10 маусымынан 10 қыркүйегіне дейін «ЭКСПО-2017» 100-ге жуық қатысушы елді қабылдайды, көрмеде жаңартылатын энергия көздерін пайдалану саласындағы жетістіктер мен болашағы, сондай-ақ олардың артықшылықтары көрсетіледі. EXPO-ны миллиондаған турист келіп көреді. «Болашақ энергиясы» — ЕХРО-2017 көрмесі энергия үнемдеудің әлемдегі үздік технологияларын тартуға мүмкіндік береді. «Астана EXPO-2017» сәулет жобасы қызықты. Астанада EXPO-2017-ге қарай жабық қала салынады. Адамдар қыс пен жазда еркін серуендей алатын жабық көше салу жоспарлануда. Қазақстанда мұндай нәрсе әзірге болған емес.

Пікірлер