Жаңалықтар

Air Astana 21 шілдеден бастап Дубайға рейстерді тоқтатады

Air Astana Ормуз бұғазы мен аймақтағы жағдайдың нашарлауына байланысты 21 шілдеден бастап Дубайға ұшуларды тоқтатады.

16 шілде 2026 · 13:35·Оқу: 1 мин

Air Astana 21 шілдеден бастап Дубайға рейстерді тоқтатады
Фото: TR Kazakhstan редакциясы
TR Kazakhstan редакциясыТілші·16 шілде 2026

Осы күнге дейін авиакомпания жолаушыларды шығару үшін рейстерді кесте бойынша орындайды.

Рейстері тоқтатылатын жолаушыларға билеттердің толық құны сатып алынған жерде қайтарылады. Сондай-ақ жолаушылар билеттерді кейінгі күндерге немесе Air Astana-ның басқа халықаралық бағыттарына тегін қайта броньдай алады.

Бұған дейін компания Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты Дубайға рейстерді тоқтатқан болатын.

Пікірлер