Авиакомпания сонымен қатар 08:50-ге жоспарланған Алматы — Дубай KC897 рейсін тоқтатты. Бұл рейстің жолаушыларына билет құны сатып алынған жерде толық қайтарылады.
Air Astana жағдайды бақылап, жолаушыларды тасымалдау мәселелерін шешуде. Кестеге енгізілетін өзгерістер қосымша хабарланады. Жолаушыларға ұшу және қону уақыттарының ықтимал түзетулеріне байланысты рейстердің өзекті мәртебесін тексеру ұсынылады.
Ақпаратты Air Astana-ның тәулік бойы жұмыс істейтін броньдау және ақпарат орталығынан алуға болады.