Тұран жолбарысы қазіргі уақытқа қарай іс жүзінде жойылып кетті. Өз атауын ол Орта Азияның
ойпатты аудандарының ежелгі атауына қарыздар. Тұран жолбарысы Орта Азияда ғана емес, сонымен қатар Каспийдің шығыс және оңтүстік жағалаулары бойымен — Закавказье мен Иранда да мекендеген. Мекендейтін жерлері көбінесе өзендер — Амудария, Сырдария, Вахш, Пяндж, Атрек, Теджен, Мургаб бойындағы қамыс ормандары болды, сондай-ақ ол Балқаш көлінде де кездесетін. Алматы облысы Қарой ауылының бір тұрғынының айтқан әңгімесі қаншалықты шындыққа жанасатынын айту қиын,
Тұран жолбарысы
оның айтуынша, жуырда ғана солтүстік кордонда қамыста Балқаш жолбарысының бір өкілін кездестірген. Тұран жолбарысының түсі ашық-қызыл, жолақтары басқа жолбарыс түрлеріне қарағанда ұзынырақ әрі реңі қою-қоңыр. Қыста тұран жолбарысының жүні қалыңдау әрі үлпілдек болады. Салмағы 240 кг-нан асатын даналар кездескен. Жолбарыстарға қарақұйрық, киік, елік және қабандар азық болды. Орта Азияда жолбарыстар адам өміріне қауіп төндірмейді деп есептеген. Жергілікті тұрғындар жолбарыстарға аң аулауды құптамаған — қауіпті көршілерді ауылдарынан қуу үшін қамыс ормандарын өртеп жіберген дұрыс деп санаған. Жолбарыстың адамға шабуыл жасаған жағдайлары белгілі, бірақ көбінесе бұлар аң аулай алмайтын ауру немесе кәрі аңдар болған. Егер жолбарыс адам етін татып көрсе, онда жыртқыш қорқынышты құбыжыққа — адам жегіш жолбарысқа айналатын, тек сонда ғана оны аулауға кірісетін. Қазіргі уақытта Қазақстанда тұран жолбарысын қайта тірілту жобасы әзірленуде. 2019 жылы Іле өзені мен Балқаштың оңтүстік жағалауы аумағында жолбарыс популяциясын қалпына келтіру үшін ұлттық саябақ құру жоспарланған, ол үшін амур жолбарыстарын әкелу көзделген.